Қар кетті, қоқыс қалды

Кімнің қай жерді бүлдіргенін көктем көрсетеді. Шынымен де, лисаковтықтардың да көктем кезіндегі бас ауруы қоқыс мәселесі болып тұрғандай. Былтыр 5 санкцияланбаған қоқыс төгетін орын әшкереленіп, санаттан сызылған болатын. Биыл да қала ішінде бүлінген бұрыштар аз емес: колледж маңы, Ленин мен Коммунистік көшелері қиылысындағы қалтарыс, Верхнетобольский көшесі жағындағы №1 гараж кооперативі төңірегі. мусорӨзге де жаз бойы таза тұрып, көктем келіп қар ерігенде астынан қоқыс-қалдық қаптап шығатын көше қолтықтары көп. Осыған байланысты, арнайы белгіленбеген жерді ластаушылармен күрес жыл сайын ширақтана бастағанын да айта кету керек. Былтыр аумаққа жауапты 18 азамат ұсталып, тоғызы әкімшілік жауапкершілікке тартылса, қалған жартысы 1-ден 3 күнге дейін қамауға алынған болатын.Тәртіп бұзушылар қала жұртына ЛЭД-экран арқылы телеарналардан көрсетілді. Сондай-ақ бейнекамералар саны да артты. Қазіргі уақытта қалада 20 бейнебақылау құрылғысы іске қосылып тұр, таяуда олардың қатарын тағы да көбейте түсу жоспарға алынып отыр.
-Қоқыстардың қала ішінде қобырап жатуын кейбір тұрғындардың немкеттілігі, ол аз болса, жүгенсіздігі деп түсінген дұрыс. Бірі өзінің жазасыз қалатынын біліп, сенімді түрде қайда болса сонда тұрмыстық қалдықтарды тастап жүрсе, енді бірі қоғамдық тәртіптің бұзылып жатқандығын көре тұра тиісті мекемеге хабар беруге құлықсыз. Туған қала тазалығына әрқайсысымыздың жауапты екенімізді түсінсек игі еді,- дейді атқамінерлер.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓