Ер адам екі әйелді соққыға жықты

Куәгерлердің айтуынша, төбелес қаладағы моншалардың бірінің алдында болған. Осы оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
Жанжалдың видеосы Instagram-дағы kostanay_news_10 тобында жарияланды. Бейнежазбадан әуелі екі әйел шаш жұлысып, оны тағы біреуі арашаламақ болып жүргенін көруге болады. Кейін ғимараттан денелі келген ер адам атып шығып, жағаласып жатқан әйелдердің бірін ұрып жығып, бетінен аяғымен бір тепкен. Кері айналып келіп, көлікке мінгелі тұрған екіншісін де аямай жұдырықтап жібереді. Қасында жүрген тағы бір жігіт болса әйелдерді арашалауға дәрменсіздік танытқан.
Бейнежазбаны көріп отырған куәгерлер екі әйелді соққыға жыққан ер адамның сауна әкімшісі екенін айтады. Ал екінші болып таяқ жеген қыз оның сүйіктісі көрінеді.
 
https://aitube.kz/video?id=f00c40b4-6317-4ce9-b101-b3a6fa036b29
 
Осы жағдай бойынша тәртіп сақшылары тиісті шаралар қабылдап жатыр.
"Қостанай қаласының Оңтүстік полиция бөлімі бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 107-бабы (Денсаулыққа қасақана зиян келтiру) сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Қазір сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Ол жәбірленушілердің дене жарақатының ауырлық деңгейін анықтайды. Жанжал қатысушылары анықталып, ұсталды", — дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓