Мешіт алаңында жеміс ағашы егілді
Жанкелдин ауданындағы “Аналар кеңесінен” бастау алған “Мейірім” акциясы аясында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушылары аудан орталығындағы Оспанқожа әулие мешітінің алаңына жеміс ағаштарын отырғызып, аталмыш мешіттің бас иамамы Аян Сәбитбекұлының ақ батасын алды.
-“Атадан мал қалғанша тал қалсын” деген халық даналығын ұстанған биылғы мектеп бітіруші түлектер аудан өңіріндегі қоғамдық жұмыстарға белсенділік танытып, туған жердің гүлденуіне азда болса да үлестерін қосып жатқандығы өте орынды деп білемін. Осындай игілікті істер кейінгі мектеп бітіруші түлектерге үлгі болып, жыл сайын жалғасын тауып отырса нұр үстіне нұр болар еді, – дейді сынып жетекшісі Роза Қапанова.
Әрбір перзент туған жеріне деген борышын ұмытпай, елді мекеннің ертеңі үшін алаңдаса көңілімізге қуаныш ұялары сөзсіз.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ.
Жанкелдин ауданы