Кеншілер қаласының кең тынысы

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Рудный қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бірінші кезекте өңір басшысы "ССКӨБ" АҚ-ның құны 57 млрд теңге болатын ЖЭО қайта құру жұмыстарымен танысты. Жаңартуды 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Жылу беру маусымына ЖЭО толық дайын. Содан кейін ол Рудный қаласының аулаішілік, магистралдық жылу желілері мен жылу сорғы станцияларын реконструкциялау барысын тексерді. Жылу желілерін қайта құруға 4,289 млрд теңге бөлінген.Одан әрі жергілікті полиция қызметінің тірек пунктіне барып, JAC маркалы 3 автомобильдің кілтін табыс етті.Одан кейін облыс әкімі орталық кәріз коллекторының құрылысын тексерді. Нысанның құны – 1,823 млрд теңге. Нысанды 2022 жылы аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, А.Мұхамбетов Восточный көшесіндегі тұрғын үйлердің құрылыс барысын тексерді. Мұнда осы жылы 3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады, сондай-ақ 2022 жылы тағы 6 тұрғын үй қолданысқа беріледі.
Сапар соңында ол мұз сарайында болып, "Горняк" хоккей клубының ойыншыларына хоккей формасын табыс етті. 
Жергілікті кәсіпкер Қ.Казбеков "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өз қаражаты есебінен 900 млн теңгеге Мұз сарайына жөндеу жұмыстарын жүргізген. Сапар соңында облыс әкімі А.Мұхамбетов қала әкімі Қуандық Испергеновке қаланы одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓