​Үш тілде білім бере бастады

Елбасы ұсынған Ұлт жоспарының 79-қадамында «Білім беру секторының бәсекелестік қабілеті мен экспорттық әлеуетін көтеру» міндеті қойылған болатын. Осыған орай, Қостанайдағы жоғары және арнайы оқу орындары үш тілде білім бере бастады. fullimage1Қостанай құрылыс колледжінің бірінші курс студенті  Никита Афанасьев үш тілді меңгеру заман талабы екенін жете түсінеді. Сол үшін де көп тілде оқытатын арнайы топқа жазылған.
– Орыс, ағылшын тілін жақсы білемін. Енді ептеп қазақша сөйлей бастадым, – дейді ол.
Құрылыс колледжі биыл «Серпін» бағдарлармасымен 25 студент қабылдады. Солардың бірі – Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Бекзат Бажатай. «Мұнда теория мен тәжірибе қатар жүреді. Бұл бізге мықты маман болып қалыптасуға мүмкіндік береді» дейді Бекзат.
Бүгінде колледжде 700-ден астам студент тегін білім алады. Білім ошағында көп тілде оқитын топ әзірге біреу-ақ. Келешекте негізгі пәндерді үш тілде оқытуға кезең-кезеңімен көшу міндеті тұр.
 
​Әлібек ЫБЫРАЙ
 
 
 
 
 
 
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓