Басты назарда – «Айқын тариф»

«Нұр Отан» партиясының Арқалық қалалық филиалы қала тұрғындарына коммуналдық қызмет көрсететін «Іскер» ЖШС-інің жұмыскерлерімен бірлесіп партиялық «Айқын тариф» жобасы аясында 5 мөлтек ауданның тұрғындарымен кездесу өткізді.  Шараны партияның қалалық филиалының кеңесшісі Берік Ғабдуллин жүргізіп отырды.Айқын тариф
2014 жылдан бері «Нұр Отан» партиясы халықпен тікелей жұмыс атқару, оларда пайда болған проблемаларын шешуге бағытталған партиялық 12 жоба қабылдаған. Соның бірі – коммуналдық және басқа да қызметтер көрсету тарифтерінің ашықтығы мен негізділігін қамтамасыз етуге бағытталған «Айқын тариф» жобасы. Қалалық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне қабылдауға тіркелушілердің көпшілігінің, әсіресе, кірістері аз тұрғындардың  өтініштері осы коммуналдық қызмет ауқымы және тарифтері толғандырады. Соған байланысты қалалық филиал жоба бойынша атқарылатын жұмысттарды әлі де болса жалғастыруға ниетті, – деді Берік Ғабдуллин.
 «Іскер» кәсіпорны бойынша бүгінгі күнге қалыптасып отырған коммуналдық қызметтердің тарифтері, оның неден құралатыны, тарифтердің өсуіне қандай факторлардың ықпал ететіндігі туралы «Іскер» кәсіпорнының № 3 учаскесінің басшысы Тұрғын Дәуленова және кәсіпорынның басқа да қызметкерлері хабарлама жасады.
Кездесу барысында кәсіпорын басшылары тұрғындардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Жиналғандар партияның қалалық филиалына ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да қала әкімдігінің коммуналдық қызмет  басшыларын қатыстыра отырып осы тақылеттес жұмысты одан әрі де жүргізе берулеріне тілектестік білдірді.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓