40 адам мемлекеттік тілді меңгерді

Сарыкөл аудандық тілдерді оқыту орталығының  жұмысы жыл сайын жанданып келеді. Мәселен, өткен жылы мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқып жүргендердің саны 261 тыңдаушыға жетті. Солардың ішінде мемлекеттік, бюджеттік қызметкерлер және басқа санаттағы азаматтар да бар.ана тил
Мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтайтын ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша 53 адам тест тапсырды. Айталық, олар үш деңгейдің (қарапайым, базалық, орта) тапсырмаларын қамтыды. Сондай-ақ, мемлекеттік және ағылшын тілі бойынша деңгейлік оқыту курстарын аяқтаған мемлекеттік мекеме, МКҚК қызметшілері және жеке кәсіпкерлер сертификат алды.  Яғни, 40 адам мемлекеттік тілді меңгерсе, 6 адам ағылшын тілін үйреніп шықты.  
Жалпы, тілдерді оқыту орталығында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында 35 іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде 13-і – байқаулық. Сол байқаулар ауылдық округ және аудандық мектеп оқушылары, мемлекеттік қызметшілер және орталық тыңдаушылары арасында жоспарға сай өткізілді. Ең басты жетістік, «Тіл – барлық білімнің кілті» атты байқауда  Сарыкөл орта мектебінің оқушысы  Карима Рекенова облыс бойынша 1-орынға ие болды.
Елбасымыздың «Әр мемлекеттік қызметші мемлекеттік тілді білуі қажет», «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген қанатты сөздерін әр азамат, әр мекеме, әр ұйым басты мақсатқа айналдырғанда ғана біз мемлекеттік тілімізді барша халықты біріктіретін тілге айналдыра аламыз. Бұл ретте мемлекеттік тілді үйрететін курстардың атқаратын рөлі зор.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ,
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓