Табиғат тосын мінез танытты

26 маусым күні Сарыкөл ауданында жазғы спартакиада өтіп жатқанда құйын тұрып, біраз адамды жарақаттап, сауда шатырларын ұшырып әкетті. Бірақ қатты зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Дауылдан сауда шатырлары ұшып, үстел мен орындықтар, батуттар мен ұсақ-түйек заттар 10-нан 30 метрлік қашықтыққа дейін шашылып, құйын екпіні 8 метрге дейін жетті. Сол мезетте мен бірден қосымша күштерді, сондай-ақ дереу жедел жәрдем бригадасын шақырттым»,– дейді» Сарыкөл аудандық 16- ӨСБ басшысы Андрей Тоцкий. Сол жерде болған өрт сөндірушілер өз күштерімен алғашқы медициналық көмек көрсетті. Табиғат құбылысынан 12 адам зардап шекті. Аудандық орталық ауруханаға 10 адам жатқызылды. Сол күні кешке қарай тағы да екі адам өздігінен медициналық көмек сұрап келді. Табиғаттың тосын қылығынан зардап шегушілер соғылу, жырылу жарақаттарын алған. Олардың барлығына да шұғыл медициналық көмек көрсетілді.image114358
Жергілікті тұрғындар табиғаттың тосын мінезін құбылысты құйын деп отыр. Бірақ та, синоптиктер шаңды дауыл деген ұйғарымға келді. «Атмосфералық фронт өту кезінде қатты жел соғып, аспанды бұлттар басады. Сонымен қатар жел жылдамдығының күрт артуы атап айтқанда, Сарыкөлдегі біздің метеорологиялық станция соққан дауылдың екпіні секундына 25 метрге дейін жеткенін анықтады. Соның салдарынан осылай болды. бұл соққан шаңды дауыл», – деді «Казгидромет» РМК Қостанай облыстық филиалының синоптигі Татьяна Косенко.
Спорттық жарыс өткенше төтенше жағдайлар қызметі өз жұмысын жалғастырды. «101» қызметі кезекшілікті жарыс аяқталғанға дейін жүргізді.
 
Ш.АҢСАҒАНҚЫЗЫ.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓