Қарғын суға қарсы шаралар

Өңіріміздің Қостанай, Рудный, Арқалық қалаларында, сонымен бірге Алтынсарин, Сарыкөл, Қостанай, Ұзынкөл, Таран, Федоров аудандарында жер асты сулары мен тасқын суларды сору бойынша жұмыстар әлі жалғасуда. IMG_2527Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Қарғын судың салдарын жою үшін штабтар, төтенше жағдай бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар мен мердігерлік ұйымдардың жұмысы ұйымдастырылған.IMG_2512
Тасқынға қарсы жеке құрамнан мыңнан астам адам, 349 техника, 150 су сору құрылғылары мен 8 жүзу құралы, соның ішінде ҚР ІІМ ТЖК Батыс-Қазақстан облысының ТЖД жеке құрамының 51 адамы мен 8 техникасы жұмылдырылыпты.IMG_2517
Қар ерігелі бері Қостанай, Сарыкөл, Ұзынкөл, Федоров аудандары мен Қостанай және Рудный қалаларында 109 үйді су басқан болса, қазіргі уақытта 104 үйде су сору жұмыстары аяқталыпты.IMG_2546
Төтенше жағдайлар департаментінің 11 сәуір күнгі мәліметі бойынша қоймалардағы су көлемі қалыпты деңгейден төмендегенін байқаймыз. Мәселен, Жоғарғы Тобылда 817 млн. м3 орнына – 587 млн. м3 (72%), Қаратомарда 586 млн.м3 орнына – 364 млн. м3 (62%) құрады.IMG_2560 Қаратомар су қоймасынан судың келуінің төмендеуіне байланысты су жіберу көлемі секундына 70 текше метрден 25 текше метрге дейін төмендеген.IMG_2536
ТЖД мамандары облыстағы су тасқынының жағдайы бақылауда әрі тұрақты мониторинг жүргізіліп жатқанын, судан қауіп бар аумақтарда тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылғанын хабарлады.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ

                                                    

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓