Торғай жерін әнмен тербеді

Торғай жеріне жас та болса елге танылып үлгерген, зағип бозбалалардан құралған "Сәт" тобы гастрольдік сапармен келіп, "Өмірге ғашықпын" атты жаңа концерттік бағдарламасын ұсынды. Шымкент қаласында тағдырлары трио болып тоғысқансанынан бәрімізде хабардармыз. Құрамдары азайғанымен, әндерінің мән-мазмұн кемімей, кемелдене түскенін аңғарасыз. Әуезді әуендері әр жүрекке ой саларлық. Олар осымен Торғай топырағын екінші рет басып отыр. IMG_0803"Ұлылар мен даналар жеріне мейман болу – біз үшін аса үлкен мәртебе" деген сөздерді естігенде, төбеміз көкке тірелуге сәл ғана қалды. Көрермендер әуелі "Сәттіктердің" бала күнгі бақытты шақтары мен дәмі кермектеу тағдырлары жайлы бейнебаянды тамашалады. Жасыратыны жоқ, әжелеріміз бен аналарымыз көздеріне жас алып, көңілдері нілдей бұзылып, күрсініп отырды. IMG_0806Расында, топ мүшелері тағдырдың қатал сынына мойымай, керсінше, желкенді кемедей ағысқа қарсы жүзіп, асау өмір ағысына төтеп берумен келеді. Көру мүмкіндігінен айырылса да, үміт оларды алға жетелеп, биікке қарыштатып келеді. Ақиық ақын Мұқағали Мақатевтың "Қайтер едік өмірге келмегенде?" әнімен танылып, қазақ елінің мақтанышына айналды. Осы ән арқылы іштегі шерді тарқатып, өмірлерін өлеңге қосты. Өнер-құдірет арқылы халық балаларына айналды.IMG_0819
Сәт тобының бұл жолғы ән кеші көңілдерге шаттық сыйлады. Әсіресе, "Туған жер", "Нұр  аға", "Қош, махаббат" әндері еріксіз жан-дүниеңді баурап алғанда, шапалақты орнымыздан тік тұрып ұрғанымызды да аңғармай қалдық.IMG_0830
Аудан әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров: "2014 жылы "Сәт" тобы келіп, топтың бес жылдық құрметіне арналған шығармашылық кешін тарту еткен болатын. Ол уақыттағы салған әндері мұңлы, қайғылы еді. Азат пен Сапарбайдың ержеткендігіне бүгін баршамыз куә болдық. Көңілді әндерді шырқап, қуаныш сыйлады. Өнерлері өрге жүзіп, қазақ елінің өнердегі жұлдыздарына айналсын!"-деп, аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, ақшалай сый-сияпат жасады.
"Сәт" тобын торғайлықтар қимастықпен Торғай-Арқалық тас жолына дейін шығарып салды.
 
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жанкелдин ауданы
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓