Бала аман есен құтқарылды
Қостанайда екі жасар бала кір жуатын машинға түсіп кетті.
Бүлдіршін машинаға өзінен бір жас үлкен ағасының айтуы бойынша кірген. Баланың ата-анасы өз беттерінше босатып алмақ болған, бірақ оңайлықпен алып шыға алмаған соң құтқарушыларды шақырған. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының айтуынша, құтқару операциясы сәтті аяқталған, абырой болғанда бала да дін аман көрінеді.
Қарлығаш Оспанова