Жұмыссыздар саны артып келеді
Лисаковта жыл басынан бері жұмыссыздық деңгейі 1,2% құрады. Бұл сан өткен жылмен салыстырғанда 0,7% артып отыр. Ағымдағы жылы кәсіпорындардың қала тұрғындарын жұмыспен қамтылуы да баяу. Кейбір жұмыс орындары жартылай жұмыс күні кестесімен еңбек етуде. Бұл туралы өңірлік баспасөз орталығында өткен брифингте Лисаков қаласының әкімі Марат Жүндібев мәлім етті.