Балғындар демалысты қалай өткізбек?

Қазіргі таңда аймағымызда бір мезетте он мың баланы қамтитын 13 балалардың демалыс лагері болса, олардың төртеуі жеке меншіктің қолында. Биыл жаз бойы оларда 76,7 мың оқушы демалады деп күтілуде. Демалыс орындарының көбі облыс орталығына жақын орналасқан. Ал өңірдің 12 ауданында тынығатын базалар жоқ.1 (4)Бұл туралы аймақтық әкімдікте өткен кеңесте облыстық білім басқармасының басшысы Бәтима Дәуімова айтты. Өткен сәуір айында балалардың жазғы демалысын өткізу жөнінде семинар өтіп, оған бірқатар ведомстволардың өкілдері қатысқан екен.
– Ата-ананың қамқорынсыз қалғандар, 3 балалар үйінің тәрбиеленушілері өздерінің демалыс базаларында жазды өткізсе, өздерінің демалыс орындары жоқ тәрбиеленушілер үшін облыс қазынасынан 85 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Сондай-ақ, жағдайы төмен және көп балалы отбасыларының 12 мыңнан баласы да назардан тыс қалған жоқ. Оларға аудан-қала бюджеттерінен 41 млн. теңгеден астам қаржы қарастырылған.
Бұдан бөлек, үкіметтік емес ұйымдар да бірқатар қайырымдылық шараларына бастамашы болуда. Өңіріміздегі «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі мамыр айынан бері мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау мақсатында бір миллион теңгеге әлеуметтік жобаны жүзеге асырып отыр екен. «Золотой фазан» қонақ үй кешенінде 20 мүгедек баланың демалысы қамтамасыз етіледі. Ал күзге қарай осы жөнінде арнайы фильм жарыққа шығады деді басқарма басшысы.
Балалардың салауатты өмір салтын арттыру, балалар туризмін дамыту, патриотизді қалыптастыру мақсатында демалыс базаларының маңында шатырлар құрылмақ. Сонымен қатар, өңірде дебаттық, әскери-патриоттық лагерьлер де жұмыс істемек. Қазір аймағымызда тәртібі төмен, мінезі сотқар балалар аз емес. Осындай жеткіншектер арасында қылмыс болмас үшін олардың жазғы демалысы ерекше бақылауда.
Б.Дәуімова өңірде жыл он екі ай жұмысы үзілмейтін мемлекеттік демалыс лагерінің жоқтығын айтты. Қазіргі таңда Науырзым ауданының Шилі ауылына қарасты демалыс орны күрделі жөндеуді қажет етеді. Оған 444,5 млн. теңге қаражат. Ал Қостанайдан 27 шақырым жердегі қалалық №2 түзету мектебіне қарайтын «Алтынкөл» лагерінің жылу қазандығы жөнделіп, 500 метр құбыр тартылса, ол да жыл бойы оқушылар қабылдауға дайын.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. Өңір басшысы ең бастысы, жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі алдыңғы орында болу қажеттігін тапсырды. Оған білім басқармасы ғана емес, денсаулық, төтенше жағдай, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, полиция мекемелері жұмылдырылу керек. А.Мұхамбетов сонымен қатар, демалыс орындарының қызмет сапасы мен бағаның ауытқып кетпеуін де үнемі назарда ұстау қажеттігін ескертті.     

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓