Жәрмеңке өтті
Қостанайлықтарды көптен күттіріп, жәрмеңке қала орталығындағы орнына қайта оралды. Ауылшаруашылық өнімдерінің жаппай сатылымында кісі қарасы қалың.
Жәрмеңкенің өту барысын облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов пен қала әкімі Базыл Жақыпов қадағалады. Ғ.Нұрмұхамбетовтің айтуынша, бұл жолғы жәрмеңкеге 125 тауар өндіруші қатысқан. Барлығы қала тұрғындарының қамы үшін азық-түлікті барынша көптеп әкелгендігін, ендігі жәрмеңке 1 мамырға дейін әр сенбі күні болатынын баса айтты.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ