Жаңа амбулатория іске қосылды
Астана күні қарсаңында Алтынсарин ауданының Щербаков ауылында жаңа дәрігерлік-амбулатория пайдалануға берілді.


Екі мыңнан астам тұрғыны бар Щербаковта медициналық мекеме бұрында да болған, бірақ әбден ескірген әрі тар амбулаторияда тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуге жағдай болмай келген еді. Енді жаңа ғимараттың арқасында ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік туып отыр. Мұнда дәрігерлер күніне елуге жуық адамды қабылдай алады. Осыған дейін аудандық ауруханаға сабылып, күні бойы кезектен шаршап келетін ауыл тұрғындары да мекеменің ашылғанына дән риза.
Қарлығаш Оспанова