Алтылықтың ауылы алыстады

Қазақстан Ұлттық чемпионатының Премьер-Лига командалары арасындағы кезекті 19 тур ойындарына сәйкес Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Павлодардың «Ертісін» қабылдаған болатын.Қос қарсылас бұған дейін алғашқы айналымда бір рет кездесіп, онда «Тобыл футболшылары 3:1 есебімен алаң иелерін тізе бүктірген еді.
 
тобол ауБұл жолы да ә дегенде қостанайлықтар ойын тізгінін өз қолдарына алды. 22 минутта Ондрей Кушнир есеп ашып, «Тобылды» алға шығарды. Ал, үзілістен кейін «Ертіс» ойыншысы Константин Дудченко таблодағы есепті теңестіріп кетті.Осылайша, жерлестеріміз уыста тұрған үш ұпайдан оп-оңай айрылып қалды. Шындығын айтқанда қостанайлық аяқ-допшыларға бірнеше доп соғатын мүмкіндіктер болған. Алайда, Вардан Минасян шәкірттері олардың бірінде өз пайдаларына жарата алған жоқ.Сөйтіп,  «Тобыл» командасы маусым басында уәде етілген алғашқы алтылыққа ену жоспарын бір жола күл-талқан етті. Енді жерлестеріміз 11 шілде күні «Ақтөбеге» қонаққа барады. Айтпақшы, 19 турдың басты сенцаиясының бірі Алматыда , жергілікті «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасында тіркелді. Бұл матчта «Қайрат» командасы батыс қазақстандықтарды 7:1 есебімен ойсырата ұтты. Қалған кездесулердің нәтижелері мынадай: «Жетісу» — «Тараз» 1:0 , «Қайсар» — «Спартак» 1:1,«Ордабасы» — «Атырау» 1:0,«Астана» — «Шахтер» 4:0 , «Қайрат» — «Ақтөбе» 7:1
                                        
 
                         Суретте: «Тобыл»-«Ертіс» матчынан көрініс.
Әлібек Ыбырай
Суретт түсірген Айбек Жүзбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓