«Шілдеде шіліңгір ыстық болмайды»

Биыл жазда ауа райы қалай болады? Осы сауал бойынша «Қазгидромет» РМК Қостанай облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі Валентина Загребинамен жедел сұхбат жүргізген болатынбыз.
  IMG_9471       – Жалпы биылғы жаз айының ауа райы қалай болады деп болжануда?
-Биылғы жаз айларында аптап ыстықтар болмайды. Облыс орталығында ауа температурасы күндіз 18-23 градус, түнде 8-13 градус. Сондай-ақ, облысымыздың кейбір жерлерінде 25-30 градус ыстық болуы мүмкін. Маусым айында жауын-шашын орта есеппен үштен бірі ғана түсті. Жалпы алдын ала болжам бойынша биылғы жаз айының ауа райы күрт сууымен есте қалады.
-Үстіміздегі айдың  күн райына тоқталып өтсеңіз?
-8 шілде күні облыс орталығында және кей жерлерде жауын-шашын болуы ықтимал. Ал 9 шілде күні ауа температурасы күндіз 20-25 градус жылы, түнде 13-15 градусқа дейін салқындайды. Кей жерлерде күн бұлттанып, жауын жаууы ықтимал. Осындай ауа температурасы осы аптаның аяғына дейін сақталады. Желдің күшеюі секундына 23-25 метрге дейін.
Шілдеде ауа райы құбылмалы болады. Маусым айындағы аптап ыстықтың беті қайтады. Өйткені, ертеңгі күннен бастап   яғни,  алғашқы онкүндік жауын-шашынды  болады. Осы айда аптап ыстықтар болмайды деп күтілуде.
Шілде айында  1-2 онкүндікте  ауа райының температурасында аздаған ауытқушылық төмендегенін байқаймыз. Өткен айдағы сияқты 38 градустық ыстық кездеспейді. Күндіз ең жоғарғы температура 34-36 дейін көтерілуі мүмкін. Ал үшінші онкүндікте негізінен жауын-шашынсыз құрғақ болады. Шілденің соңғы күндерінде  ауаның температурасы  көтеріледі. Дегенменде алғашқы, екінші онкүндікте шілде айының бірінші жартысында жауын-шашын жиірек болады деп күтілуде.
Ал тамыз айында күн жылы, ауа температурасы бүкіл республика аумағында қалыпты климаттық мөлшерде деп күтілуде.
-Әңгімеңізге рахмет!
 
 
Шұға Қоңқабай
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓