Бірігу – береке бастауы

Қостанай облысында ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерінің қатары күн санап артып келеді. Өңірлік кәсіпкерлік Палатасының мәліметтеріне сүйенсек, әзірге Тобыл төсінде осындай 59 кооператив тіркеліпті. Бұлардың басым бөлігі мал шаруашылығын дамытуға сүбелі үлес қоспақ ниетте. Ал бұған дейін астық өсірумен айналысқан 70 шағын шаруа қожалығы  бір ұжымға біріккенін жазғанбыз.sel_hoz
-Облыс шаруалары кооперативтердің тиімділігін түсіне бастады. Өйткені, бірлесіп еткен іс қана берекеліі болмақ.  Мемлекеттің қаржылай  көмегі де қолжетімді. Біздің өңірде шамамен 60% ірі қара жекенің қолында. Қолында азын-аулақ малы бар тұрғындарға бұрын ешқандай көмек көрсетілмейтін. Енді олар бір ұжымға бірігу арқылы субсидияға иек арта алады. Оған асылтұқымды бұқалар сатып алуға,  ет-сүт өндірісін жандандыруға тиімді жол ашылады,-дейді облыстық кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Геннадий Кукоба.
Қазіргі таңда ауылшаруашылық өндірістік кооперавитерін құруды қалайтын жандарға кәсіпкерлікті қолдау Орталықтары көп көмектесіп жатыр. Мамандар заңдық тұрғыда кеңес береді, құрылтайшылық құжаттарын әзірлеуге көмектеседі. Тіпті, қажет болған жағдайда жаңа шаруашылық құрылымдарын тіркеуге жәрдемдеседі. Облыстық кәсіпкерлік Палатасының мамандары ауылшаруашылық өндірістік кооператив құру үшін өтініш бергендердің қатары күнбе-күн өсіп келе жатқанын айтады.
«Жалпы, қолында малы бар ауыл тұрғындары мен шағын шаруа қожалықтарының бірігуі, оларға көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау, Қазақстанда мал шаруашылығын қарқынды дамытып, шетелдік нарыққа шығуын қамтамасыз етеді. Қазір Палата  өнім өткізу мәселесін шешу жолдарын қарастырып жатыр. Әзірге, Ресейдің шекаралас аймақтарынан, Қытай тарапынан қызығушылықтар бар. Яғни, ет кластерін қалыптастыру арқылы ауыл тұрғындарына өнім өндіріп қана қоймай, оны саудаға шығаруға көмектесеміз»,-деп атап өтті Г.Кукоба.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓