Ұшақ Қостанайға апатты жағдайда қонды
Минскіден ұшқан ұшақ 14 тамызға қараған түнде Қостанай әуежайына апатты жағдайда қонды. Минск-Қостанай рейсінің жолаушылары жапа шекпеді. «БелАвиа» әуе компаниясының өкілі Юрий Камелин ұшақ бортында штаттан тыс келеңсіздік орын алғанын айтты.
Минскіден Қостанайға келген жолаушылар ешқандай шағым жасамады. Қайта ұшатын рейс уақыты шамамен 4 сағатқа шегерілді.
Қосымша ақпарат бойынша, беларусьтік Boeing-737 ұшағының Қостанай әуежайына қалыпты қонуына бағыт құрылғыларында шыққан ақау кедергі келтірген. Ұшақ бортында 61 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болды.
Қосымша ақпарат бойынша, беларусьтік Boeing-737 ұшағының Қостанай әуежайына қалыпты қонуына бағыт құрылғыларында шыққан ақау кедергі келтірген. Ұшақ бортында 61 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болды.