Өрт өмір жалмады
Арқалықта өрт сөндірушілер жеке үйден 47 жастағы ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт кеше Арқалықтың маңындағы Жаңа кентінде болған.
«Киев көшесіндегі жеке тұрғын үйде 4 шаршы метрлік ағаш едені жанған. Өрт шыққан жерден 1971 жылғы азаматтың мәйіті табылды», – деп хабарлады ТЖД-дан. Ведомствоның ақпараты бойынша, өрттің алдын ала шығу себебі – отты қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау.