Рудныйда жер сілкінді

Рудныйда сенбіден жексенбіге қараған түні 01:40 шамасында жер сілкінді. Ұйқыдағы жұрттың үрейін ұшырған дүмпу кешеден бастап әлеуметтік желілерде қызу талқыға салынуда.84ffab5119e09268bdd7f3671db14fcf Бірі «ССКӨБ» АҚ жарғыш заттың жаңа түрін сынап жатыр десе, екіншісі метеорит құлады деп жар салды. Алайда, бүгін таңертең республиканың Геофизикалық зерттеулер институтының сейсмикалық ақпараттарды жинау және өңдеу орталығы қос нұсқаны да жоққа шығарды. Орталық таратқан ақпаратқа сүйенсек, Рудныйдан оңтүстік-шығысқа қарай 47 шақырым жерде магнитудасы 3,5 балдық жер сілкінісі тіркелгені. «Эпицентрдің координаттары 52,61 градус солтүстік ендік және 63,47 градус шығыс бойлық. Энергетикалық класы – 8,5» делінген хабарламада.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓