Көрген көзде жазық жоқ (ВИДЕО)

Құрметті оқырман! "Көрген көзде жазық жоқ" айдары бұдан былай қазақ тіліндегі қате жазбаларды ғана емес, көшелерде кездесетін кез келген олқылықтарды назарға алады. 
Көлік иелерінің дегбірін қашырған шұрық-тесік жолдар, лас көше, шашылған қоқыс, жалпы қоғамдық ортадағы көңілге селкеу түсіретін сүреңсіз суреттерді жариялап отыратын боламыз. Облыс аумағындағы көзіңіз шалып, көңіліңіз қалған көріністерге, "әттеген-ай" дегізген оқиғаларға куә болсаңыз, бізбен бөлісе жүріңіз! Фото және бейнетаспа астында нақты мекенжай көрсетілуі тиіс. 
Ал, әзірге алғашқы материалды назарға ұсынамыз. Бұл бейнежазбада – Қайырбеков және Киев көшелері қиылысындағы "Рассвет" аялдамасы маңайы.
https://www.youtube.com/watch?v=tSzVw12h-0o
https://www.youtube.com/watch?v=FwO1niilEB8

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓