Қару-жарақты қаражатқа айналдыр
Қостанай қаласы ІІБ-ның полицейлері сәуірдің 15-нен бастап тұрғындардан тіркелмеген қару-жарақтарды сатып алуды жалғастырады. Оларды кез келген аймақтық полиция бөлімшелері арқылы тапсыруға болады. Сол арқылы әр азамат өтемақы алып қана қоймай, қылмыстық жауапкершіліктен де іргелерін аулақ салмақ.
Қалалық ІІБ бөлім басшысы полиция подполковнигі Елена Семиволованың айтуынша, өз еркімен қару-жарақ тапсырушыларға мемлекет 10-нан 100 АЕК көлеміне дейін ақша бермек.
-Біз қала жұрты тарапынан қолдау күтеміз және белсенділік танытады деп ойлаймыз,-дейді Е.Семиволова.