Екі күнде жеті көлік тіркелді

Қостанай облысында екі күн ішінде жеті шетелдік автокөлік заңдастырылды.
Қостанай облысының Полиция департаменті шетелдік есептегі автокөліктерді заңдастыруға 35 адам өтініш білдіргенін хабарлады.
"Берілген өтінімдердің ішінен 7 автокөлік есепке  қойылды. Олардың үшеуі Армениядан, тағы үшеуі Ресейден және біреуі АҚШ-тан сатып алынған. Қалған 28 көліктің құжаттары рәсімделу үстінде, – деп атап өтті ведомствода.
Заңдастыру енді ғана басталса да,  шетелдік көлігін есепке алғысы келетіндердің саны күн сайын артып келеді. Сонымен қатар, көптеген азамат заңдастыру тәртіптері туралы ақпарат алу үшін жүгініп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтарда бастаоып, 1 шілдеге дейін жалғасатын акция аясында Қостанай облысында 3 мыңнан астам автокөлік есепке алынады деп болжанып отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓