Құрметті қостанайлықтар!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Астананың қазіргі күн санап биіктей түскен еңсесінен тәуелсіздігіміздің тегеуріні, еліміздің елдік қасиеті, жасампаздықтың жаңғырығы айқын байқалады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген Елордамыз бүгінде қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы.
Сіздерге бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, қажымас қайрат, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке тілеймін. Сүйікті қаламыз – ару Астана көркейе берсін!
Құрметпен, С.ЕЩАНОВ,
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы.