Автобус аударылды
Арқалық -Торғай тас жолында «Паз» жолаушылар автобусы аударылды. Амангелді ауданына қарасты Қарасу ауылының тұсында, қойлардың жол үстімен жүгіріп өтуі кесірі келеңсіздікке ұрындырды. Аялдаудың орнына ептілік жасамаққа тырысқан жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, жол жиегіне аунап түскен. Салдарынан 24 адам әртүрлі жарақат алып, Амангелді аудандық ауруханасына жеткізілді. Қостанайдан «Санавиация» жедел көмек бригадасы жөнелтіліп, 7 және 11 жасар екі жеткіншек облыстық балалар ауруханасына әкелінді. Автобус дөңгелегінің аспаннан келуінің себептерін тергеу барысында, 49 жастағы жүргізушінің сау екендігі анықталды. Дегенмен қатынас автобусының тізгіншісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жандос Жүсіпбек