“Алтын домбыра”

Қалалық Балалар шығармашылық үйінде “Алтын домбыра” жас домбырашылар байқауы өтті. Байқауға қазақтың қара домбырасын жанына серік еткен оқушылар мен жастар қатысып, күй күмбірлетті.
Аталмыш байқауға қала мектептерінен 128 үміткер келген. Бір әттеген-айы зал бос болды десе де болады. Тек үміткерлердің өздері ғана. Осы істің басы-қасында жүрген жас маман Наурызбай Әмірхамзин мұндай байқаулардың санаулы ғана өтетінін қынжыла білдірді. Десе де жастардың домбыраны, өзге де ұлттық аспаптарды үйренуге деген қызығушылықтары жоғары екен.IMG_1059
Бүгінгі байқауға төрт шәкіртін әкеліп отырған ұстаз Талғат Бекжанов Назарбаев зияткерлік мектебінен келген. Өзі күйші. Балалар әлі де осы салада жақсы тәрбие алса келешекте тәп-тәуір күйші болатынан сенемін дейді. Үмітін үкілеп келіп отырған 2 курс студенті Ботагөз Назар үш аспаптың құлағында ойнайды. IMG_1075Бүгінгі байқауға “Қызыл қайың” күйін дайындап келіпті. Мұндай байқаулар жие болып тұрса жастарға да жақсы деген ойын жасырмады.IMG_1048
 
IMG_1040Жас шамасына қарай екі топқа бөлінген жастарды қазылар алқасы сынап, бағасын берді. Заур Сартаев, Елнұр Жұматаев, Бекзат Қабенов, Аманкелді Өмірзақов, Әсем Айтбаева мен Маржан Малкеновалар жеңімпаз атанып, жүлдеге ие болды.IMG_1067
 
 Айтолқын АЙҚАДАМОВА
 
 
 
 
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓