Жыл шеберлері анықталды
Бүгін Қостанай кәсіби-техникалық колледжінде «Жыл шебері-2015» байқауы өтті. Оған облыс көлеміндегі барлық техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарының оқытушылары мен студенттер қатысты.

Дәстүрлі шараны білім басқармасы мен техникалық және кәсіби білімнің аймақтық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Байқауға 31 өтініш түскен. Бүгін іріктеу кезеңінен өткен 10 үміткер өзара шеберлік сынасты. Кіл үздіктердің көрермендерге жайған қолөнер көрмелері көз жауын алады. Мәселен, Лисаков техникалық колледжінің монтері, оқытушы Дәуіт Құшманов шеберлікке құштар жандар қатарынан. Жеңіске құшырланып келіп отыр. Көрмесінің аты – «Қолөнер кәсібі – уақыт пен ұрпақты байланыстырушы тін». Ол өз дарыны арқылы айналасындағыларға ұлттық құндылықты дәріптегісі келеді.



