Қызметі қайтарып берілді

Лисаков қаласының тұрғыны Сансызбай Жарасбаев қалалық сотқа құқығы аяқ асты етілгенін айтып шағымданды. Арызында бұрынғы басшысы, тұрақ иелері Кооперативі жетекшісі Владимир Белыхтың жұмыстан негізсіз шығарғанын, бос жүрген уақыттардағы төлемдерді өндіріп алғысы келетінін және оның бұған қарсы шығарған бұйрығын заңсыз деп тануын өтінеді. Реті болса, бұрынғы қызметіне қайта орналасуына жәрдем қылуларын сұрайды.15688
Шағымданушы өзінің қызметтік міндетін мүлтіксіз, ешқандай тәртіптік ескертусіз табаны күректей алты жыл атқарған. Алайда, соған қарамастан, өткен жылдың 23 қазанында шағын аудан тұрғындарының жалпы жиналысы өткізіліп, оның атқарып отырған жұмысын қанағаттанарлықсыз деп тапқан. Жиын қорытындысы бойынша С.Жарасбаевтің дереу қызметін тоқтатып, еңбек келісім-шартын бұзу туралы ресми хат жолданыпты.
                Сот шағымданушының пайдасына шешім шығарды. Оның қызмет барысында қандай да бір ережебұзушылыққа барғаны тіркелмегендігі, оны заңсыз әрі ешқандай негізсіз жұмыстан шығарғаны анықталған. Осылайша, С.Жарасбаев өзінің бұрынғы қызметіне қайта алынатын болды. Сондай-ақ, оның пайдасына кінәлі тараптан 177 300 теңге көлемінде бос өткізген уақыттарының өтемі өндіріліп берді. Оның үстіне  В.Белых жапа шегушіге келтірілген моральдық залал үшін 10 теңге қосып төлейді.
         Шешім заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓