Шенеуніктерге шектеу қойылады
Жемқорлыққа қарсы медиацентрдің хабарлағанындай, қазақстандық шенеуніктердің жеке көлігінің құны 35 мың доллардан аспауы керек, ал қалта телефондарының бағасы әрі кеткенде 70 мың теңгенің айналасында болуы тиіс. Сондай-ақ, аталмыш медиацентрдің директоры Марат Қайырғалиев бұдан былай мемлекеттік қызметкерлер қоғамдық орындарға алкогольдік ішімдікті болмашы болса да тұтынып баруға құқығы жоқ екенін айтты.