Нәрестесін балконнан лақтырып жіберген
Қостанай облысының Октябрь кентінде жас әйел барлығынан жасырынып, бала босанып, нәрестесін терезеден лақтырып жіберген.
27 желтоқсан күні таңғы сағат 6-да пәтерінде ұйықтап жатқан отбасылық жұпты баланың жылаған дауысы оятады. Жас жұбайлар пакетке оралған тастанды туралы полицияға хабарлап, «жедел жәрдем» қызметін шақырған.
27 желтоқсан күні таңғы сағат 6-да пәтерінде ұйықтап жатқан отбасылық жұпты баланың жылаған дауысы оятады. Жас жұбайлар пакетке оралған тастанды туралы полицияға хабарлап, «жедел жәрдем» қызметін шақырған.
Полицейлер нәрестенің анасын сол күні анықтады. Ол 17 жасар жергілікті тұрғын болып шықты. Бұл туралы Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлайды.
Қатты тоңып қалған нәресте – ұл бала Лисаков қалалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған пневмония диагнозын қойды.
«Баланы босанған бойжеткен Рудный қаласында оқиды, демалысқа ата-анасының үйіне келген. Ол жүктілігі туралы білмегенін айтып,оны босанып жатқанда ғана түсінгенін сендіргісі келген», – делінген хабарламада.
Бойжеткен ата-анасының үйінде, түнде дәретханада босанған. Туыстарының айтуынша, олар қызының басқа қалада оқуы себебімен оның жүктілігінен хабарсыз болған.
Сот алдындағы тергеу амалдарының барысында баланың болуы мүмкін биологиялық әкесі анықталды. Ол 19 жастағы сарбаз болып шықты.
Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 100-бабы («Анасының жана туған нәрестесін өлтіруі») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың әкесіне қатысты да кәмелеттік жасқа толмағанмен жыныстық қатынасқа түсу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 122-бабының 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі кезде нәрестенің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, ол Лисаков қалалық ауруханасында емдеуден өтіп жатыр.
масқара-ай,адамдар не боп бара жатыр?! ата-анасы қайда қараған?!