Пәтер иесіне қайтарылады

Қостанай қалалық соты азаматша Р.-ның «ЦеснаБанк» АҚ-ға қатысты шағымы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлайды kazinform.kz
Азаматтық іс материалдары бойынша, 2012 жылғы 5 қазанда азаматша Р. аталған банктен 3 млн.теңге көлемінде несие алған. Алған несиені қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін тараптар арасында пәтерді кепілдікке қою туралы шарт жасалған.

сот

Екі жыл бойы несие алушы банк алдындағы өз міндеттемелерін мүлтіксіз орындап келген.  Кейін  қаржылық қиындықтарға байланысты төлемді уақытында төлемеген. Араға көп уақыт салмай Р. кешіккен мерзім пайызын төлеп, несиені төлеуді жалғастырған.
Біраз уақыт өткен соң азаматша кепілдікке қойған пәтерінің соттан тыс тәртіп арқылы сауда-саттықта сатылып кеткендігі туралы хабарлама алған. Кепілдік мүліктің сатылуына негіз болмаған даулы пәтер талапкердің жалғыз баспанасы.
Өз шағымында азаматша Р. жауапкерлердің соттан тыс тәртіппен  өткізген сауда-саттықты және жауапкер А.-ның саудада мүлік алғандығы туралы куәлігін  заңсыз деп танып күшін жоюды, сонымен қатар, Қостанай қаласының әділет басқармасын кепілдік мүлікті сауда-саттықта сатып алу туралы тіркелген куәлікті жоққа шығаруға міндеттеуді өтінген. 
Банк өкілі және пәтерді сатып алған тұлға шағымды қанағаттандырмауды сұраған.
Соттағы талқылау барысында кепілдік мүлік құны несиесі бойынша қарыз сомасымен мөлшерлес келмейді.  Азаматтық кодекстің 317-бабының 2-бөлігіне сәйкес, борышкердің кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi бұзуы өте болмашы болып және соның салдарынан кепiл ұстаушы талаптарының мөлшерi кепiлге салынған мүлiктiң құнына көрiнеу сәйкес келмесе, кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алудан бас тартылуы мүмкiн.   Сонымен қатар, сот талапкердің бұл жалғыз баспанасы екенін де ескерді.
Қостанай қалалық соты «ЦеснаБанк» АҚ-ның соттан тыс тәртіппен өткізген сауда-саттығын заңсыз деп танып, оның күшін жою туралы шешім шығарды. Сонымен қатар, А.-ның сауда-саттықта пәтер түрінде мүлік сатып алғандығын растайтын Әділет басқармасында тіркелген куәлікті заңсыз деп танып, күшін жою туралы шешім шығарды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓