Сұлулық тәжі кімге бұйырды?   

Сұлулық – адам баласына берілген нығметтердің бірі. Ол тек бетіңіздің тегістігімен, көзіңіздің әдемілігімен, тісіңіздің түзулігімен өлшенбейді. Сұлу адам деп нағыз көркем мінез иесін айтады. Әдемі болып көріну – өнер. Оған дүйім жұрт 30-наурыз күні тағы бір көз жеткізді. Қостанай мемлекеттік университетінде жылдағы дәстүрмен "ҚМУ аруы-2016» байқауы өтті. IMG_1337
Байқауға қатысуға білім ордасының әртүрлі факультеттерінен барлығы он бойжеткен өтініш берген. Алайда,  Дарья Шилова есімді ару аяғын жарақаттап алғанына байланысты сахнаға алмады. Ол алдыңғы қатарда отырып, үміткерлерге қолдау көрсетті және әділ қазылардың шешімімен «Талпынысы жоғары ару» атағымен марапатталды. Екі жылда бір рет өткізілетін сұлулық сайысының әділ қазылар алқасы құрамында әсемдік пен ақылдылыққа, сыр мен сымбатқа қатар баға бере алатын онға жуық кісі болды.  Олардың барлығы дерлік, бір жағынан, бұл сайыстың демеушілері. «Қазақстан-Қостанай» телерадиокорпорациясы мен «Қазақстан» кинотеатры да қолдау білдірген.IMG_1327Қыздар сайысты әдеттегідей әдемі дефилемен бастады. Одан кейін бейнеролик арқылы өздерін таныстырып, қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Шығармашылық кезеңінде аруларымыз ән айтып, би билеп, тіпті актерлық қабілеттерін де көрсетті. IMG_1305Бәрі де керемет кешкі көйлектерімен есте қалды. Не керек, қыздар барын салды. Қорытынды шығарылатын сәттен демдерін ішіне тартып, жеңімпаз тұғырынан өздерінің көзайымын көргісі келіп отырғаны сөзсіз еді. Сөйтіп, екінші орын иегері, «Вице-Мисс» атағын  Әсел Молдашева еншіледі. Ал, «ҚМУ аруы-2016» мәртебесі инженерлі-техникалық факультет студенті Диана Қаскееваға берілді.IMG_1224
Жалпы, сайысқа қатысқандардың ешқайсысы да марапатсыз қалмады. Сылқымдардың барлығы да әртүрлі номинацияларға ие болды.IMG_1218
 
IMG_1244
IMG_1267
IMG_1368Орайын тауып, байқаудың ұйымдастырушысы Болат Қалиевтен шағын сұхбат алған болатынбыз:
-Мұндай іс-шараны ұйымдастыруға не себеп және бұл байқау студенттерге қажет пе?
-Сенесіз бе, «Мисс КГУ 2016» байқауына университет тарапынан ешқандай да шығын шыққан жоқ. Бір бейнероликтің өзі қаншама ақша. Сол үшін де демеушілерімізге деген алғысымыз шексіз! Бұның бәрі де -студенттердің қалауы. Университетін мақтан тұтатын жастардың жетістігі бұл. Мына залда қаншама көрермен, сырттан келген қонақтар мен ата-аналар бар. Олар балаларының қаншалықты талантты екенін көріп, кеуделерін мақтаныш сезімі кернеп, жүздері қуаныштан бал-бұл жайнап отыр. Міне, студентке осы қажет. Мұндай шараларға жарнама жасаудың да қажеті жоқ. Себебі, бұл студенттерге қызық әрі олардың қалауы. Бізге сол маңызды. Барлығын да студенттер өздері шешті, өздері диплом жасады, өздері жүгіріп жүріп демеушілермен келісті. Демек, бұл байқау олардың ынтасының жоғары екенін көрсетеді және бүгін өздерінің еңбектерінің жемісін көрді. Белсенді жастар толығымен өздерін көрсетті. 
-Жалпы, іріктеу қалай өтті және сұлулық сайысында сырт келбеттің әдемілігі маңызды ма, әлде ақыл мен парасат па?
-Іріктеу үш апта өтті. Қырық шақты қыз кастингке келіп, арасынан тоғыз қыз финалға жолдама алды. Ал, оныншы қыз ғаламтор арқылы дауыс жинап өтті.  Жалпы, бұл нағыз арулардың сайысы ғой. Сондықтан, бәрінің де ақылына көркі сай болуы керек.
     
  
Арайлым ҚАБИМОЛДАҚЫЗЫ,
ҚМУ журналистика факультетінің 2-курс студенті.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓