Құрметті қостанайлықтар!
Сіздерді айбынды алаш жұртының төрі атанып, егемен еліміздің еңселі орталығына айналған асқақ қала – Астананың 16 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінде Елордамыз – елдігіміз-дің нышаны, береке-бірлігіміздің ұйытқысы, абыройымыздың айға-ғы болып отыр. Aл, Біздер Астананың қалыптасуының куәгерлері және осы ауқымды зор жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін көзбен көру бақытына ие болып келеміз.
Жарқын келешектің нысаны – әлемдік өркениетке бой созған жас Астана өзінің әсемдігімен күллі әлемді тамсандырып, күн санап гүлденуде. Ежелгі қазақ жерінің төрінен аз уақытта мұндай әсем қала тұрғызуда Елбасының ұшан-теңіз еңбегі жатқаны барша қазақстандықтарға аян.
Елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, барлық мақсатты істеріңіз бен ізгі бастамаларыңызга табыс тілеймін.
Туымыз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болып, азат аспанында алтын қыран қалықтап мәңгілік еліміздің болашағы баянды болсын! Хал-қымыздың асқақ арманын арқалаған жас қаланың ғұмыры ұзақ болғай!
Ізгі тілекпен,
Ғалымжан Мырзаке,
Қостанай облыстық сотының төрағасы.