Беделі асқақ, жүзі жарқын

Тәуелсіздік алғаннан бері еліміз үшін, оның болашағы үшін аса маңызды қаншама шешімдер қабылданып, қаншама айтулы тарихи оқиғалар жүзеге асты. Қазақстан бүгінде әлемге өндірісі жедел дамып келе жатқан, ішкі саясатында тұрақтылыққа қол жеткізген, бейбіт идеялардың елі болып танылуда. Баһадүр бабаларымыз аманаттап қалдырған елді басқарып отырған Қазақ елінің көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлем алдындағы абыройының жоғары, беделінің асқақ, жүзінің жарқын, сөзінің өтімді, ойының ұтымды, пікірінің пайымды, айтқаны келетін де тұратын қасиетін әлем түгел танып отыр десе де болғандай.
Амангелді Жал-асов
Қазіргі таңда және болашақта еліміз бағындыратын талай асулар бар. Міне, осындай биік мақсаттар бізді тек алға жете-леуде. Мұны халқымыздың сан ғасырлар аңсаған арманының орындалғаны деп білемін. Сан ғасырлар аңсаған қазақ арманының шындыққа айналуына Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев кепіл болды және мызғымас мемлекет қана емес, түбірімен жаңарған демократиялық қоғам құрды. Елбасымыздың айдай әлемге жасаған, және де бір өзінің ғана емес, барша қазақ жұртын талпындырған тағы бір қадамы – бүгінгі Астананың салынуы дер едім. Еуразия жүрегінде орна-ласқан әсем Елордамыз Астана қаласы әлемнің саяси картасында бейбітшілік пен келісімнің, рухани дамудың орталығына айналуда. 1997 жылы 10 желтоқсанда еліміздің астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы Президент Жарлығы ұлтты біріктіруге, экономикалық және саяси тұрғыдан дамуға ұмтыл-ған маңызды қадам екенін бәріне төреші уақыт өзі дәлелдеп берді. Тарихта Астана қаласы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төл туындысы болып ерекше орын алады. Ұлт көшбасшысы ретінде ұлтты біріктіретін қала етіп Ақмола қаласын астана етіп таңдап алуы геосаяси тұрғыдан да маңызды екенін уақыт көрсетіп келеді. Астана қаласы бүгінде көркеюі мен халқының жедел өсіп келе жатқаны жағынан ерекше көзге түсуде. Астана халқымыздың берекесі мен ұлтымыздың бірлігінің символы. Біздің Елбасымыздың негізгі мақсаты – ел бірлігін сақтау, өзге ұлт өкілдерімен қазақ елі арасындағы саяси тұрақтылықты сақтай отырып болашақта егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын келешегін қамтамасыз ету. Парасаты мен пайымы, білімі мен біліктілігі мол ел қамын жеген Президентіміз бүгін біздің мақтанышымыз, әрі тірегіміз. Біз Елбасымен біргеміз, Елбасының салиқалы саясатын толығымен қолдап, болашақта қазақ елін талай асулардан асырып, бұдан да биік шыңдарды бағындыратынына сенімдімін.
 
Амангелді ЖАЛҒАСОВ, 
Сарыкөлдегі  "Ақкиік" ЖШС-нің директоры,
Қостанай облыстық мәслихаттың депутаты, 
"Нұр Отан" партиясы Қостанай облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі,
облыстық Кәсіпкерлер палатасының мүшесі
,  Сарыкөл ауданының құрметті азаматы 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓