Көмірді автокөлікпен тасуға тыйым салынады

Идустрия және инфрақұрылым министрлігі елден көмірді автокөлікпен шығаруға уақытша шектеу қояды.Бұл шектеу көршілес елдерге алыпсатарлықпен өткізудің алдын алу үшін енгізіледі.
«Уақытша тыйым халыққа, коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған қатты отынды сыртқа тасу деректерінің анықталуына байланысты енгізіліп отыр. Қазақстанның шекарадағы өңірлерінде көршілес елдерге қайта сату әрекеттері әшкере болған», – делінеді министрлік хабарламасында.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓