Жүлделі жүйріктер
Жылда өтетін халықаралық “Алтын микрофон” байқауы биыл да өз жалауын көтеріп, бағын сынаған жас әншілерді іріктеу кезеңінен өткізді. Облыстық байқаудан жеңімпаз атанғандар енді 25-27 сәуірде өтетін халықаралық байқауда тағы бір бақтарын сынап көрмекші.

Балалар шығармашылық үйінде өткен іріктеу кезеңі қызу болды. Мұнда 5-17 жас аралығындағы “мен әншімін” дегендер жиналды. Шәкірттерін жетектеп жүрген жетекшілер де, балалар да қобалжулы. 25 наурыздағы іріктеуден өткендер екінші кезең – финалдық байқауға бағыт алған. Одан әрі жеңімпаздардың Гала-концерті. Осы жерде қазылар алқасы үздіктердің есімдерін атап, жас ерекшеліктеріне қарай марапаттап шықты.




Біз де алдағы дода әнші балғындарға тек сәттілік әкелсін деген тілектеміз.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА