Қарттар үйінде болды

Қазіргі уақытта кейбір жастар ата-анасының қадірін білмей, оларды бойынан қуат, қолынан күш кеткен кезде ар-ұятты бетке түйіп, қарттар үйіне тапсырып жатқандығын көзі ашық, көкірегі ояу жұртшылық жақсы біледі.
Осындай жүздеріне қаяу түскен аға-буын өкілдеріне қамқорлық көрсету мен олардың жүрегіне жылы тиетін сөздерді айтып, жоғары көңіл-күй сыйлауды облыстың бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек барша дін қайраткерлерінің басты қасиеттерінің бірі деп есептейді.6.JPG 1
Сондықтан да ол 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні қарсаңында Федоров ауданындағы қарттар үйіне аудандық «Жиентай қажы» мешітінің имамы Мейрамхан Егеубаевпен бірге барды. Бұл күндері осы жерде 55 адам ерекше күтімге алынған. Олардың ішінде 30 жүрегі нәзік жандар, яғни әйелдер де бар. Аталған кісілердің 2-уі мұсылман әжелеріміз екен.
Жас та болса өмірді жақсы білетін, қарт кісілердің көңіл-күйлерін жете түсінетін бас имам барша әжелерді мерекелерімен құттықтады. Оларға арнайы дастарқан жайылды. Өздерімен ала барған сыйлықтарын да табыс етті.4.JPG 1
Сырқат кісілердің жатқан бөлмелерінде болып, ауруларынан тезірек құлан-таза айығып кетулеріне тілектес екендіктерін білдірді. Облыстың бас имамының уақыт бөліп, өздеріне келуін мұндағы ардақты қарттар үлкен қуанышқа балады.
 
 
ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓