EXPO-2017: Қатысушылар мен әріптестер саны артуда

Елбасының АҚШ-қа сапары аясында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов бүгін Нью-Йоркте бірқатар америкалық компания жетекшілерімен келіссөздер өткізіп, маңызды құжаттарға қол қойды. Бұл туралы 24.kz тілшілері хабарлады. экспоКездесу қорытындысы бойынша, осы елдің технология саласындағы CISCO компаниясы Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесінің ресми жеткізушісі атанды. Компания қазақстандық көрмеге арнап 3,5 млн еуро көлемінде демеушілік танытуға ниетті. Қазақстанда өтетін EXPO-2017 көрмесіне қатысуға ресми келісім берген елдердің саны қазір 48-ге жетті. Олардың қатарында Германия, Франция, Ұлыбритания, Қытай сияқты алып экономика иелері бар. Тізімге енді Италияның қосылатын күні алыс емес. Ресми Рим Миландағы EXPO көрмесінің аяқталуын күтіп отыр. Италияның Ауылшаруашылығы министрі Маурицио Мартина осылай деп мәлімдеді.экспо 1
Алдағы қазан айының соңында Италияның Миланы EXPO-2015 көрмесін аяқтайды. Абыройлы шараның байрағы ресми түрде Қазақстанға табысталады. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовтің Италия Ауылшаруашылығы министрі Маурицио Мартинамен болған кездесуінде осы мәселелерге баса мән берілді. Милан көрмесінің «Ғаламшарды азықтандыру» тақырыбында жүріп жатқаны белгілі. Маурицио Мартинаның айтуынша, әлемнің 140 елі белсене қатысқан алаңда Қазақстандық павильон көрермен ең көп келетін үштіктің қатарынан табылып отыр. EXPO көрмесінің Қазақстан үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынып отырғанын,. мұның бүкіл әлемге де маңызы зор деп білетінін айтты ол. Италия қазақстандық көрменің табысты өтуіне қолдау білдіреді әрі оған қатысатын болады. Ал америкалық бірқатар компания EXPO-2017 көрмесінің серіктестері атануға ниетті. GPC Group компаниясының президенті Марк Соренсен Ахметжан Есімовке қазақстандық көрме тақырыбын насихаттау жолында жергілікті демеушілерді ұйымдастыруға дайын екенін жеткізді. CISCO компаниясы болса сандық қамтамасыз ету жағынан әріптестік орнатуға бейілдік танытуда. Америкалық технология алыбы EXPO-ның сәтті жүзеге асуына қажетті бағдарламалық лицензиялар мен құрал-жабдықтар үшін 3,5 млн еуро бөлетін болды. АҚШ-тағы келіссөздер нәтижесінде Ахметжан Есімов CISCO компаниясының вице-президенті Майкл Тиммнимен әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды. Сондай-ақ компания бүгіннен бастап EXPO-2017 көрмесіндегі ресми жеткізуші мәртебесіне ие болды.экспо 2017
Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы: – Бірталай компаниямен кездесулер өткіздік. Олар да EXPO-ға қатысуға ынтасын білдіріп отыр. Оның ішінде көбісі демеушілік танытуды айтуда. Мәселен, нақты CISCO компаниясымен  келісімге жеттік. Компания 3,5 млн еуро түрінде демеушілік көрсетуге ниетті. 
Майкл Тиммни, CISCO компаниясының вице-президенті: – CISCO компаниясы үшін Қазақстан маңызды рөл атқарады. Біз Шанхай мен Миландағы EXPO көрмелеріне қатыстық. Енді қазақстандық ауқымды шараның басы-қасынан табылуды асыға күтпекпіз. .

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓