70-тен астам туристік бағдарлар әзірленді

Туристік ақпараттық турлар өткізу шеңберінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компания Ақмола туризм басқармасымен бірлесе Астана, Алматы, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының туроператорларына Щучинск-Бурабай шипажай аймағы бойынша «Бурабай – Қазақстанның қазынасы» ақпараттық-жарнама турын ұсынды.
экспо
Іс-шара мақсаты – ЭКСПО-2017 қонақтары мен келушілерге еліміздің көркем жерлерін, сондай-ақ мәдени және тарихи нысандарын көруге мүмкіндік беретін бірлескен турпакеттер ұйымдастыру.
Өткізілген іс-шара қорытындылары бойынша Бурабай 30 жетекші шипажай объектілерінің өкілдері және өңірлік туроператорлар арасында шарт жасалды. Қол қойылған келісімдер шипажайда ЭКСПО қонақтары мен қатысушыларын қабылдау және қызмет көрсетуден тұрады. Көрме келушілері үшін шипажай туроператорлары шамамен 300 демалу объектілерін-қонақ үйлер, санаторилер мен пансионаттар дайындады.
Қазіргі уақытта шетел туристері үшін Қазақстанның барлық өңірлерін қамтитын 73 бағдар бекітілді. Турлардың толық тізімдемесімен travel.expo2017astana.com сайтында танысуға болады.
Қыркүйекте Қазақстандағы тұрақты туризмді ілгерілету мақсатында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы шетелдік трэвел-компаниялар үшін Қазақстан бойынша ақпараттық турлар өткізуді жоспарлаған. Батыс Еуропа, ТМД, Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс және Австралиядан шамамен 100 шетелдік туристік компаниялардың қатысуы күтілуде.  Шақырылғандардың ішінде  ЭКСПО қолдаумен Көрмелерге турларды ұйымдастарушы Германиядан, Франциядан, Италиядан және Ұлыбританиядан турфирмалардың бар екендігін атап өту қажет.
Өңірлер бойынша турлар аяқталғаннан кейін 12 қыркүйекте туризм бойынша халықаралық конференция өтеді, оның қорытындылары бойынша туркомпанияларға «ЭКСПО-2017 ресми туроператоры болу» ұсынылады, бұл Көрмеге турпакеттерді сатуға мүмкіндік береді.
Орташа есеппен Көрменің әрбір шетелдік қонақ елімізде шамамен 4 күн болады және осы мерзімде шамамен 1,5 мың АҚШ  долларын жұмсайды. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓