Оқу офлайн форматқа көшеді
Қазақстан оқушылары 14 ақпаннан бастап оқудың дәстүрлі форматына көшеді. Бұл туралы Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мәлім етілді."Мектептерді толыққанды офлайн оқыту форматына көшіру туралы мәселе қаралды. Нәтижесінде, 2022 жылдың 14 ақпанынан бастап барлық сынып оқушылары дәстүрлі оқыту форматына көшеді", – делінген informburo.kz таратқан ақпаратта.
24 қаңтардан бастап, 600-ге дейінгі оқушысы бар мектептер толыққанды офлайн-оқытуға көшкен еді. Ол әсіресе жүктемесі 50%-тен аспайтын 1-4 сынып оқушыларына қатысты болды. Ал 5-11 сынып оқушылары үшін мектеп әкімшіліктеріне ата-аналарының дәстүрлі форматта оқытуға ықыласы бар-жоғын ескеру ұсынылған болатын.