Оқудан жастар неге кетеді?..

«Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясының мамандары зерттеу жүргізіп, қазақстандықтарға жоғары білімнің қаншалықты қолжетімді екендігін анықтады, – деп жазады  holanews.kz сайты.5cb9819319e8e
2017 жылы елдегі жоғары біліммен жалпы қамту деңгейі 54%-ды құрады. Яғни осы мөлшердегі 18-22 жас аралығындағы адамдар жоғары оқу орындарында оқиды.
Тек 2018 жылы қазақстандық ЖОО-да 52 мыңға жуық адам оқуын тастап кеткен. Бұл студенттердің жалпы санынан 9,5%-ы. Студенттердің оқуын тастап кетуінің себептері: үлгермеушілік, тәртіпті бұзу, әскер, денсаулық жағдайы немесе өз еркімен оқудан шығару.
Бірақ ең көп таралған себеп – қаржылық қиындықтар. Ақша мәселесіне байланысты тек өткен жылы 13 мыңға жуық адам оқуын аяқтай алмады. Бұл ЖОО-ны тастап кеткен барлық студенттердің 25%-ы.71d7ed86ce472628d728
ҚР Статистика комитеті 2018 жылы жүргізген сауалнаманың мәліметтері бойынша, қазақстандықтардың 12,6%-ы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметтеріне қанағаттанбаған, ал 45,9%-ы жартылай қанағаттанған. Респонденттердің тек 23,7%-ы оқу ақысымен толық қанағаттанады. Сауалнама нәтижелері көп жағдайда респонденттердің санына байланысты болатынын айта кету керек: ол неғұрлым төмен болса, соғұрлым оқу құнына деген шағымдар көп болады.625c620f19f899c26b16Жыл сайын оқу ақысы 10%-ға қымбаттайтынын ескерсек, 2024 жылы төрт жыл бойы оқу ақысы орташа есеппен 2 553 026 теңгені құрамақ.
«Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясының мамандары жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстандағы бакалавриат құны 150 000 теңгеден 2 157 000 теңгеге дейін. Бір оқу жылының орташа құны – 396 307 теңге. Төрт жыл оқу 1 585 228 теңгеге шығады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓