Ұлы даланың ұлық мерекесі

Қостанайдағы УК-161/11 қоныс колониясында Наурыз мейрамы аталып өтілді. Шараға облыстық халық шығармашылығы орталығының өнерпаздары қатысты. Алдымен мекеме басшысы Құмарбек Ибраев жиылғандарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.IMG_8618– Наурыз мейрамы – көктемгі жаңарудың символы, достықтың мерекесі. Қазақстанымыз – толерантты ел, ондағы мекен еткен әртүрлі ұлт пен ұлыс Наурыз мерекесін жоғары дәрежеде қарсы алады. Сол себепті, біздің ұжым да осынау айтулы датаны ескерусіз қалдырмағанды жөн көрдік. Барлықтарыңызға ырыс, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін. Жаңа күніміз құтты болсын! – деді ол.IMG_8622
УК-161/11 Ардагерлер кеңесінің төрағасы Николай Помогалов Қазақстандағы татулық жөнінде сыр шертсе, зейнеткер Валентина Несмиянова мереке қарсаңындағы ақжарма тілегін өлең шумақтарымен жеткізді. Осы шара барысында Қостанай облысы ІІМ ҚАЖК басшысының орынбасары Болат Байжанов ҚР құқық қорғау саласындағы ерен еңбегі үшін Болат Сәрменовке мадақтама қағазын табыс етті.IMG_8640
Ал белгілі әнші-термешілер Абзал Алпысов, Серік Әбіл, айтыскер ақын Салтанат Өтелбаевалар мерекеге арналған кешті ұлттық әндермен өрнектеді.IMG_8645 Келген қонақтармен Наурыз мейрамының маңыздылығы жайында сұрақ-жауап өткізілді. Соңында мерекелік дастарқан жайылды.IMG_8658
 

 

IMG_8644
Қасқырбай Қойшыманов
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓