Береке басы – еңбек

картоп науырзым (1)Мемлекеттің ең басты мақсаты жұмысыздардың жұмысқа орналасуларына көмек көрсету.
Әр адам өмірін жақсартқысы келеді. Ол үшін еңбек етіп, әр істің көзін таппаса болмайды. Осы орайда мемлекет қолынан іс келетіндерге, яғни  қол-аяғы сау азаматтарға еңбек етуге жағдай жасауда. Осыған орай мемлекеттік бағдарламаларының мүм-кіншілігінің бірі "Жұ-мыспен қамту–2020 жол картасы". Осы бағдарлама шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындары қарасты-рылған 12 ай бойы еңбек ақының 35%  мемлекеттік бюджеттен төленеді.  
Мемлекеттік бағдарламаның қатысушысының бірі – Нүрзипа Даукеева. Нүрзипа жұмыспен қамту орталығына жұмыс сұрап келген еді. Орталықтың мамандары  әлеуметтік жұмыс бағытын түсіндіріп, ұсыныстарын білдірді. Көптен жұмыссыз жүрген Нүрзипа қуана келісті. Ол бағдарламаның қатысушысы болып мамыр айынан бастап "Науырзым сервис" ЖШҚ қосалқы жұмыскері ретінде ораналастырылды. 
Қазіргі уақытта жұмыспен қамту орталығының мамандары 2015 жылға әлеуметтік жұмыс орындрына нысаналы топқа кіретін қатысушыларын шақыруда. Бағдарламаға қатысып, бағдарламаның әр бағыты бойынша өз орнын табамын деушілерге есік ашық.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓