Сайлауда заң бұзушылықтар болған жоқ
Бүгін Қостанай қаласының сайлау учаскелерінде ТМД миссиясының атынан 12 байқаушы жұмыс істеді.
Миссия өкілдерінің бірі, Челябі облыстық сайлау комитетінің (РФ) хатшысы Наталья Гавриш Қостанай облысындағы сайлауда бірінші рет болып отырғанын айтты.
Байқаушының пікірінше, Қазақстанда сайлау дәстүрлі түрде жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтуде.-Бізді дауыс беру процедурасы, сайлау процесінің ашықтығына қатыстының бәрі қызықтырып отыр. Жұмыстың қалай басталғаны, қазіргі кезде мен жұмыс істеп отырған №21 сайлау учаскесінің салтанатты және сонымен бірге іскерлік жағдайда ашылғанына қарағанда, барлығы лайықты деңгейде. Бұл қазақстандық сайлаудың демократиялық негізде өтіп жатқандығын, сайлау комитеттері қызметкерлерінің жоғары жауапкершілігін танытады. Дауыс беруге келіп жатқан сайлаушылардың азаматтық позициясын атап өту керек,- деді Н.Гавриш.