Астана – Отанымыздың жүрегі

Қазір Ел ордамыз – Астана жыл сайын жаңара түсуде. Оған әр жыл сайынғы демалыс кездерімізде қыдырып барып тұратындығымыз куә. Қазіргі заманға сай архитектуралық әсем ғимараттар көздің жауын алады. Мемлекетіміз "ЭКСПО – 2017" бүкіл дүниежүзілік көрмесін өткізу құқығына ие болғандығын бұл күні жаһан елдері жарыса айтуда.
Султан АманкелдиулыАталмыш көрме еліміздің абыройы мен беделін одан сайын арттыра түсетіні сөзсіз ақиқат. Астанада тұратын жолдастарым да, туыстарым да Қазақстан осы көрмені өткізу үшін барын салып жатқанын жиі айтуда. Сол тұрғыдан келгенде, Отанымыздың жүрегі, Сарыарқаның төсіндегі – жас Астанамыз осынау көрме арқылы еңсесін бұрынғыдан да биік ұстап, тәуелсіздігінің тұғырын одан сайын берік қылатыны біздер үшін зор мақтаныш әрі сенімділігімізді нығайта түсуде.
Міне, қараңыз, әрі кеткенде үш жылдан соң Астана мүлдем адам танымастай өзгереді. "Әр кәлләда бір қиял" дегендей, біздің сол үмітіміз, сол аңсарымыз, сол іңкәрлық көңіл  "ЭКСПО – 2017" халықаралық көрмесін асыға күтуде. Бұған әзірліктер үстіміздегі жылы басталды деген жаңалықтарды оқып, телеарналардан "ЭКСПО" жайындағы бейне баяндарды көре бастағаннан бері "Астанамыз қалай өзгереді? Мына көріністері бейнебір ертегіден де кем емес екен! Біз қандай бақытты елміз?! Қандай бақытты ұрпақпыз?!" деген зор патриоттық сезім бойымызды шарпып өтті.
Ендеше, ағайын, біздегі ыстық осындай сезім барлықтарыңыздың бойыңызда болсын! Қазақ елінің абыройы асқақтап, беделі биіктей берсін!
Сұлтан Аманкелдіұлы,
Қостанай қаласының тұрғыны.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓