Көрме – болашақтың кепілі
Астанаға ай сайын барып тұрамын. Балаларым сонда тұрады. Соларға барып жүргенде Отанымыздың жүрегі – жас Астанамыздың күн сайын көркейіп жатқанын көріп, көңілім өсіп қалады. Небәрі 16 жылда әлем елдерін таң-тамаша қалдырған Елордамыздың еңсесі биіктей берсін деп тілеймін!

Қалай дегенмен де "ЭКСПО – 2017" көрмесінің елімізге тигізер пайдасы орасан болмақ. Біріншіден, салынған зәулім ғимараттар ару Астанамызға көрік берсе, екіншіден табыс көзі ғой. Өз басым солай есептеймін. Қазақ елінің абыройы асқақтай берсін! Ел аман, жұртымыз тыныш болсын!
Монтай Ахметшеұлы,
Москалев ауылының тұрғыны.
Әулиекөл ауданы.