Мотокеруен Еуропаға жол тартты

Қазақстан өзін әлемге тағы бір қырынан танытпақ. Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылған «G-Global» мегажобасын жүзеге асыру және EXPO-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру мақсатында 22 мамырдан бастап Астана қаласынан мотошеру жолға шықты. Елордадан бағыт алған үш мотоцикл құрамының келесі аялдамасы – Қостанай қаласы болды.
IMG_0567 Саяхатшылардың жол бағыты Қазақстан арқылы Еуропаның 20 мемлекетін аралау. Мотошерушілер шетелдіктерге еліміздің мәдениеті мен жеткен жетістіктерін паш етумен қатар, Елбасының халыққа Жолдауын, «жасыл экономиканың» артықшылығын насихаттайтын болады. Олар сонымен қатар Қазақстандағы спорт пен туризмнің дамуы, Астана, «G-Global» және EXPO-2017 туралы да таныстыруды жоспарлаған. Еуропа халқы қазақтың домбырасының үнін естіп, салт-дәстүріне қанық болмақ. Достық IMG_0550үйінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен баспасөз конференциясында мотошеруге қатысушылар өздерінің жоспарларымен бөлісті: -Осы сапарымызды бұдан жарты жыл бұрын жоспарлап, кұзырлы органдарға хабарлап, пысықтап қойдық. Себебі, әлемнің 20 мемлекетінің шекараларын басып өту оңай емес. Біздің Еуропаға бағытымыз 18 мың шақырымды құрайды. Сапарымыз барысында еуропалық қандастарымызбен де кездесуді жоспарлап отырмыз, шетелдегі қазақтардың бүгінгі тыныс-тіршілігі қызықтырады. Қостанай облысынан кейін біз шекараның сыртына, яғни Ресей еліне аттанамыз, – деді шеруге қатысушы Д.Байсейітов. Түстен кейін мотошерушілерді облыс орталығының тұрғындары қарсы алды. Арнайы шараға облыс әкімі Н.Садуақасов келіп, сапаршыларға ақжол тіледі. Ал өңіріміздің құрметті ақсақалы Қ.Алдабергенов батасын берді. Мото керуен Қостанайда көп аялдаған жоқ. Бірден Қарабалық ауданы арқылы Ресей Федерациясына жол тартты.
Шұға Қоңқабай
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓