Керемет көрменің өткені мен бүгіні

Ғарыштық заманға
1962 жылы Сиэтлде өткен бүкіләлемдік көрме "Ғарыштық замандағы адам" деген тақырыпта өтті. 1967 жылы Монреальдағы павильонда келгендерге ғарыш кемесі таныстырылды. Осындай көрмелердің арқасында ядролық соғыс қаупі төніп тұрған жылдары халықтар арасында байланыс орнатылып, ынтымақтастық нығайды. Мәселен, Канада конфедерациясының құрылғандығын тойлауға арналған жылы Монреальдағы көрме Сент-Экзюперидің "Адамдар планетасы" деген шығармасына арналды.
Әлемдік жаңа тәртіп орнады. 1970 жылы Осакада өткен EXPO-да Жапония өзін жаңа держава есебінде танытты. Оқиға орталығы – Фестивальдар алаңында көрменің символы – күн мұнарасы бой көтерді. АҚШ павильонында "Аполлон" ғарыш кемесінің  астронавттары әкелген "Ай тасы" қойылды.
 
Жаңа технологиялар уақыты 1974-1998 жылдар
Жетпісінші жылдардағы әлемдік мұнай дағдарысы қоршаған орта проблемалары мен энергия ресурстары мәселелерін қайта ой елегінен өткізудің жаңа сатысына айналуына түрткі болды. Әлем қос полярлы болудан қалды, тоқсаныншы жылдар адамдардың бойында алдағы өмірге үлкен үмітті оятты. Орталық пен алыс аудандар арасындағы өзара байланыстың жаңа формасын дүниеге әкелді, солтүстік пен оңтүстіктің арасындағы алшақтық азайды, халықтар арасындағы форум есебіндегі БҰҰ рөлі артты, халықаралық қатынастарда көпжақты байланыстар кең өріс алды.
Дәл осы кезде микропроцестердің, компьютерлердің, интернеттің пайда болуына байланысты жаңа технологиялар дамыды, байланыс, көлік пен адамдардың жеке өмірі күрделі түрде өзгеріске ұшырады. Жаһандану үрдісі адамзаттың тіршілігінің барлық қырларын қамтыды. Көрмелер міне осындай өзгерістер мен жаңа үрдістерді бейнеледі.
 
Дағдарыс және мазасыздық
Бүкіләлемдік көрмелер кезінде энергетикалық дағдарыс пен экология мәселелері секілді халық-аралық өмірдің аса көкейтесті проблемаларына ерекше назар аударылатын болды. Қырғи-қабақ соғыстан кейінгі алғашқы көрме 1992 жылы Севильеде өтеді. Онда біріккен Германияның алғашқы біріккен павильоны көрсетілді, сондай-ақ Балтық жағалауы елдерінің алғашқы тәуелсіз павильондары да көрсетілді.
Көрмелердің барысында тұрақты түрде даму, экология проблемалары, табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері секілді аса күрделі де көкейтесті проблемаларды талқылаудың қажеттілігі айқын сезілді. Севильедегі көрмеде қоршаған ортаға деген қызығушылық мынадай жағдайда көрініс тапты: көрме қалашығында көрме қонақтары мен келушілердің осы жердегі қапырық ыстықты сездірмейтіндей арнайы микроклимат жасалды.
 
Жаңа жерлердің ашылуын тойлау
Бүкіләмдік көрмелер қашанда өткенді еске алып, одан болашақ үшін пайда табу үшін таптырмас құралға арналды. 1986 жылы Ванкуверде осы қаланың жүз жылдығы тойланды, ал екі жыл өткен соң Брисвенде Австралияның екі жүз жылдығы аталып өтті, Колумб дүниеге келген Севилье мен Генуеде Американың ашылғандығының бес ғасырлық мерейтойы аталды, Тэджонда 1993 жылы Кореяның 1893 жылы Чикагода өткен бүкіләлемдік көрмеге алғаш қатысқандығының жүз жылдығы, ал Лиссабонда 1988 жылы Васко да Гаманың Индияға келгендігінің бес жүз жылдығы аталып өтті.
Севильеде көрмені орналастыру үшін алғаш рет тарихи ескерткіш пайдаланылды, дәл осы жерде көрме аяқталған соң сол көрме алаңын пайдаланудың тәжірибесі дүниеге келді. ХV ғасырда салынған Санта-Мария-де-лас-Куэвас Баркет пен Адамильо көпірімен қатар көрменің символына айналды, ал Картуха аралында технологиялық университет пен "Картуха-93" көңіл көтеру паркі әлі күнге дейін жұмыс істеді. Севилье-дегі көрмеде Колумбияға дейінгі дәуірдегі алтын дүниелердің "Америка алтыны" деп аталатын аса үздік экспозициясы, көлемі 60 метрлік тоннаға жететін алып айсберг секілді әлемнің әр қиырынан әкелінген адам таң қаларлық экспонаттар қойылды. Көрмеде сондай-ақ Американың ашылуына арналған тақырыптық павильондар жұмыс істеп тұрды.
 
Ертеңгі күн бұдан да тамаша болуы керек 2000-2010 жылдар
11 қыркүйекте адамдардың алдағы он жылдықтарға деген әдемі үміті ақталмады, оның орнын алдағы күнге деген сенімсіздік, терроризм, жаппай қырып-жою қаруларының таралып кету қаупі, пандемия, климаттың өзгеруі, көші-қонның бой бермей кетуі, кедейлік проблемалары, энергиялық қауіпсіздік мәселелері секілді алаңдаушылық пайда болды.
Халықаралық өмірдің күн тәртібінде жаңа міндеттер тұрды, оларды шешу үшін барлық халықтардың күш-жігерін осы ортақ мақсатқа жұмылдыру қажеттілігі туды.
 
Жаңа мың жылдық, жаңа құндылықтар
Жаңа мың жылдықтардың бүкіләлемдік көрмелері қазіргі заманғы қоғамның талаптарына жауап береді. Оларда жаңа технологиялар, дизайн, дем-алыс пен көңіл көтеру салаларының  жетістіктері, жаңа сәулеттік шешімдер қойылды. Алайда солармен қатар көрмелер жаңа маңызды түсініктер – экология, пацифизм, төзімділік,толеранттылық, әртүрлі халықтар мен мәдениеттер арасындағы өзара сыйластық мәселелері дүниеге келді. Көрмелер жаңа құндылықтарды тарататын орынға айналды.
 
Технологиялар мен тұрақты даму арасындағы үйлесімділік
Тұрақты даму, біркелкі өсім, қоршаған ортаның проблемалары, технология шекарасы  – міне, онжылдықтардағы көрмедегі басты тақырыптар осылар еді. 2000 жылғы Ганновердегі көрменің ұраны "Адамзат, табиғат пен технология" деп аталса, 2005 жылғы Айчидегі көрмеге "Табиғаттың ақылдылығы" деген ат берілді, 2008 жылғы Сарагостегі көрме "Су және саналы даму" делінсе, 2010 жылғы Шанхайдағы көрме "Үздік қала – үздік тіршілік" деген атпен тарихта қалды.
Ынтымақтастық пен білім беру басты бағытқа айналды. Ганновердегі "Адамзат, табиғат пен технология" деп аталатын көрме Аляска мен Гавайя аралығындағы елдер арасында ынтымақтастық жөніндегі жобалардың дамуына елеулі ықпал етті. Шанхайдағы көрмедегі аймақта әлемнің барлық қалаларының өкілдері қала тіршілігінің сапасын арттыру жөніндегі ойларын ортаға салып, тәжірибе бөлісті.
 
Болашаққа ұмтылу
Бүкіләлемдік көрмелер бұрынғысынша қай елдің де өздерін жақсы қырынан көрсетуге мүмкіндік беретін құралға айналды. Мәселен, біріккен Германия 2000 жылғы Ганновер көрмесіне қатысып, өздерін танытып қалды. Айчидегі көрме Жапониядағы ұзаққа созылған дағдарыстан көңілді басқа жаққа аударуға мүмкіндік берді. Сарагостағы көрме шағын ғана қаланың осындай халықаралық құбылыстан пайда табуға болатындығын паш етті. 2010 жылғы Шанхайдағы бүкіләлемдік көрме мен 2008 жылғы Пекинде өткен Олимпиадалық ойындар Қытайдың дамып келе жатқан қуатын танытты.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓