ҰБТ бола ма?

ТЖ режимі кезінде онлайн-оқыту тәртібінің қолға алынуына байланысты қазіргі уақытта көпшілікті "Қазақстанда ҰБТ өтпеуі мүмкін бе? Әлде оның форматы өзгере ме? Тестілеуге дайындықты онлайн жүргізу жосығы қалай болмақ?" деген сауалдар мазалап жүргені мәлім. Бұл сұрақтарға zakon.kz эфирінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді.ент
"ҰБТ өткізу уақыты – маусым айының басы мен шілде айының аяғы. Бұл уақытқа дейін жағдай айтарлықтай өзгеріп, ҰБТ-ны штаттық режимде өткізуге еш кедергі болмайды деп болжаймыз және соған үміт артып отырмыз", – деді министр.
Ол өзге елдерде емтихандардың уақытын кейінге шегеріп жатқанын жасырмады. Бірақ бұл сәуір және мамыр айларында өтуі тиіс білім сынақтарына қатысты. Оларды маусым айына қалдырған.
"Бізде маусым-шілде айында өтуі тиіс тестілеуді кейінге шегеруге қазіргі таңда ешқандай негіз жоқ. Бірақ, мұнымен қоса, сіздер ҰБТ-ның 4-ші тоқсанда алған білімді ғана бағаламайтынын, оқушының мектеп қабырғасында алған жалпы білімін тексеріп, ЖОО-да оқу әзірлігін сынақтан өткізуді көздейтінін түсінулеріңіз керек", – деп атап өтті А.Аймағамбетов.
Ол 4-тоқсандағы қашықтан оқыту түлектің ҰБТ-ға дайындығына соншалықты кері әсерін тигізбейді деген сенімде.
"Бәлкім, керісінше, әлдекім үшін бұл анағұрлым жеңіл шығар, ол ҰБТ-да тапсыратын нақтыланған пәндері аясында дайындалуға көбірек көңіл бөле алады және тіпті жақсырақ, жинақырақ әзірленуі әбден мүмкін", – дейді министр.
Оның сөзінше, мұғалімдер де қазіргі кезде оқушылармен ұдайы байланыста, қашықтан көмектесіп, кеңес, тапсырма беріп, қадағалауда ұстауда, оның ішінде ҰБТ бойынша даярлық жүйелі жүргізілуде. Мұның сыртында, биыл Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы барлық бақылау тестілері ақысыз өтеді.
"Бақылау тестілерінің 70 нұсқасы орналастырылды, олар түгелдей тегін. Егер қазір, таяу уақытта барлық осы нұсқалар пайланылып болса, біз оқушылардың ЖОО-ға түсуге дайындалулары үшін көмектесу мақсатында тағы да қосымша нұсқаларды беруге дайынбыз", – деп толықтырды спикер.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓